Тамақтану мәдениеті
Тамақтану мәдениеті
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 — 2022 оқу жылының басынан оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен тамақтандыру ұйымдастырылған.Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізілді: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндірілді; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары, оқушыларды дұрыс тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізілді.Жоспарлы түрде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп отырады. Тамақтану үшін сабақ арасындағы үзілістерді ұйымдастыру, оқу бағдарламаларының жоспарына тамақтану мәдениеті туралы сауалдарды қосу және т.б. Үйлесімді тамақтандыруды бақылау жүзеге асырылады, мектептің медициналық қызметкері тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәрістер ұйымдастырады, көрнекті насихаттау жұмыстары жүргізіледі: сурет байқаулары, сыныптарда денсаулық бұрыштарын жабдықтау жүзеге асырылады.
22.10.2021ж