Мектеп асханасы
М. Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі.
Наурыз айында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу туралы анықтама
Қазіргі таңда білім алушыларды жеңілдетілген ыстық тамақпен тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар білім беру ұйымдарында короновирустық инфекцияның алдын-алу жөніндегі санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қағидасына сай жүргізілуде.
Асхана санитарлық нормаға сай жабдықталған «Дұрыс тамақтану»бұрышы безендірілген,қажетті құрылғыларымен жабдықталған. Бракераж комиссия мүшелері азық-түліктердің сапасын ай сайын тексеріп акт толтырып отырады.Сонымен бірге тамақтың сапасын қадағалайды.Асханадағы азық-түліктердің сақталу мерзімін растайтын сертификаттары және арнайы ас мәзірі бар.Күнделікті ас мәзірі мектеп басшысының бекітуімен ,мектеп медбикесінің қадағалауымен ілінеді. Жеткізілген азық-түлік тауарларының сапасы мен сақталу мерзімі (бракераж) комиссиясының құрамымен тексеріліп тұрады.
Асхана аспазшының тазалығы үздіксіз тексеріліп,ұсыныстар айтылып отырады.Мектепке жеткізілген тез бұзылатын азық-түлік, тамақ өнімдерін мектеп асханасындағы тоңазытқышта сақтайды. Тоңазытқышқа арнайы температураны бақылауға арналған термометр орнатылған.