«Ашық есік күні» өткені туралы
2021-2022 оқу жылында мектеп асханасында білім алушыларды тегін ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында ата-аналармен мектеп асханасында
«Ашық есік күні» өткені туралы
Анықтама
2022 жылдың 28 сәуірде мектеп асханасында аз қамтылған отбасының білім алушылардың бір мезгіл тегін тамақпен қамтылуына байланысты ата-аналарымен «Ашық есік» күні іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес аз қамтылған отбасынан шыққан 48 білім алушы мектеп асханасында бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуы,дайындалған ыстық тамақтың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы,жалпы жұмыс барысымен ата-аналарды таныстыруға байланысты жүргізіліп отырғанын мәлімдеу.
Аталған «Ашық есік» күні балаларға сол күнгі ас мәзіріне сәйкес тағамдар дайындалып берілді.Өз кезегінде ата-аналар дайындалған тағамдардың сапасы, дәмі және түрімен танысып, асхана аспазшысы Ж.Мұхаеваға ризашылықтарын білдірді.