Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығын тексеру
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығын тексеру
Анықтама
23.09.2022ж
Мақсаты: Асханадағы санитарлық-гигиеналық жағдайды тексеру. 2022 жылдың қыркүйек айының 23 күні мектепішілік комиссия құрылып, мектеп асханасының жұмысын және санитарлық талаптардың орындалуы бақыланды.
Тексеру кезінде төмендегі жұмыстар бақыланды:
1.Ыдыс-аяқтардың сапасы;
2.Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы
3.Күнделікті астың ас мәзіріне сай дайындалуы,тамақтың сапасы,нормаға сәйкестігі;
4.Азық-түліктерді талапқа сай сақталу жайы.
Бақылау кезінде анықталды:
Мектеп асханасының тазалығы қалыпты жағдайда Күнделікті ас мәзірі ілінген.Тамақ ас мәзірі бойынша дайындалған,нормаға сәйкес.Тәуліктік ас сынамалары бар,тоңазытқышқа қойылған.Ыдыс-аяқтары жеткілікті,сапасы жақсы сынық ыдыстар жоқ.
Қорытынды:
1.Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы талапқа сай
2.Ас мәзірі талабы сақталған
3.Асхана қызметкері медициналық тексеруден өткен,санитарлық кітапша құжаттары бар.
Ұсыныс:
1.Асхананың құрал-жабдықтарының жағдайы қанағаттанарлық.
2.Тексеру барысында ешқандай кемшіліктер болмады.
Әлеуметтік педагог: Таутенова Н.З