06
октябрь
2022
" Тамақтанудың сапасын бақылау"
Тамақтану сапасын бақылау
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінің асханасында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының балалары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Асханада барлық санитарлық-гигиеналық талаптар қатаң сақталуда. Асханаға жеткізілген өнімдердің сапасы,оларды тасымалдау,жеткізу,сақтау шарттары қадағаланып отыр.Асхана қызметкерінің тамақты сапалы дайындауын,жеке гигиеналық санитарлық ережелерін сақтауын комиссия мүшелері бақылап отырады.Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелерінің құрамы анықталып,мектеп директорының бұйрығымен бекітілді.Асханада ішкі және сыртқы кезекшілік кестесі бекітіліп,ілінген.