Асханадағы санитарлық жұмыс жүйесі
Асханадағы санитарлық жұмыс жүйесі
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінің асханасында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының балалары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Асханада барлық санитарлық-гигиеналық талаптар қатаң сақталуда. Мектеп оқушылары үшін асханада таза ауыз су режимі сақталған.
Оқушылар сүзгіден өткен тазартылған су тұтынады. Мектеп асханасының санитарлық талаптарының, залалсыздандыру жұмыстарының толық тиісті дәрежеде жүргізілуіне және асхана қызметкерінің жеке бас гигиенасын сақталуы да уақытылы қадағаланып тұрады. Медициналық бақылаудан өткен, санитарлық кітапшасы реттелген, арнайы киімдермен қамтамасыз етілген. Тексеру кезінде шикі тағам сақтайтын бөлмелердің тазалықтары, азық-түліктердің сақталу мерзімінің дұрыстығы, сүт, май, ет тағамдарының тоңазытқышта сақталу жайы да өз дәрежесінде сақталған.
Оқушылардың қол жууына, қол кептіруіне жағдай жасалған. Асханада қол жууға арналған 3 қол жуғыш раквина бар және қол сүрту қағазы орнатылған.
Әрбір оқушы тамақтанар алдында қолын жуып, қол сүрту қағазын пайдаланады.Асханадағы санитарлық талаптар қатаң сақталуда.