«Дұрыс тамақтанудың маңызы»
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
«Дұрыс тамақтанудың маңызы» тақырыбында өткізілген іс-шара туралы ақпарат
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде
2022 жылдың қараша айында 2-7 сыныптар арасында «Дұрыс тамақтанудың маңызы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу,кеңейту.Дұрыс тамақтану адам денсаулығының негізі, қоршаған ортаның түрлі жағымсыз әсеріне ағзаның төзімділігін арттыруды түсіндіру.
Сынып сағаттарында білім алушылар дұрыс тамақтану мен тамақтану ережесін,пайдалы және пайдасыз тағамдар туралы өз ойларын айтты. Тағамдар құрамындағы дәрумендердің адам ағзасына тигізетін пайдасы туралы ақпараттар алды.Сабақ соңында түсінгендері мен білгендерін постер арқылы қорғап,топтарымен талқылады.