«Үйлесімді және тиімді тамақтану» тақырыбында өткізілген іс-шара туралы ақпарат
«Үйлесімді және тиімді тамақтану» тақырыбында өткізілген іс-шара туралы ақпарат
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде
2022 жылдың 26 қыркүйегінде мектептің медбикесі Ф.Казимова 1-4 сыныптар арасында «Үйлесімді және тиімді тамақтану» тақырыбында әңгіме сағатын өткізді.
Мақсаты: Дұрыс тамақтану адам денсаулығының негізі, қоршаған ортаның түрлі жағымсыз әсеріне ағзаның төзімділігін арттыруды түсіндіру.
Балалардың таңертеңгі және кешкі асы тәуліктік калорияның – 25 %-ын, түскі ас 35-40%, бесін ас – 10-15 пайызын құрауы қажет. Қазіргі күні мектептегі бағдарламаның күрделенуіне және электронды - техникалық жүйелердің дамуына байланысты балалар көмірсуға бай өнімдерді ақуызға, майға қарағанда артық қабылдауы керек. Сондықтан, балалардың ас мәзірін дайындағанда нан өнімдері 400 гр күніне тағайындалады. Себебі дәнді - дақылдардан, жармалар мен жемістерден түсетін көмірсудың маңызы зор.
Балалардың ас мәзіріне көз жүгіртсек. Тағам рационның құрамында ет, балық өнімдерінен басқа жеміс - жидектерге де бай болғаны жөн. Себебі, аталған өнімдердің құрамы тағамдық талшықтарға бай, яғни олар ағзаны улы заттардан тазартып, асқазан-ішек жолдарының қызметін жақсартып, иммунитетті белсендіреді. Сонымен қатар, ағзаның физиологиялық, психологиялық жағдайын жақсартып, иммундық қасиетін жоғарлатып, ағазаға қажетті минералды заттардың орнын толтырады. Сондықтан, адам ағзасындағы улы және аллергиялық процестерді жоюға негізделген тағамдық талшықтарды қолдану өте қолайлы екені туралы айтып өтті.