Ашық есік күні
Асханада «Ашық есік» күні өтті
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 14 наурыз күні мектеп асханасында тамақтандыру жұмыстарын жетілдіру,тиімді тамақтануды насихаттау, оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы бойынша «Ашық есік» күні өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушылардың бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуы, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, асхананың санитарлық жағдайын анықтау.
Асхана санитарлық нормаға сай,қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы безендірілген ,асхана қажетті құрылғылармен жабдықталған. Асхана бұрышында оқушылардың тамақ ішу кестесі,комиссия мүшелері тарапынан кезекшілік кестесі ілінген.
Ашық есік күні бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған білім алушыларға беріліп отырған тамақ сапасын бағалау мақсатында өткізілді.Ата-аналар мектеп асханасындағы тамақ түрлерін, тазалығын көріп,өз пікірлерін білдірді. Мектеп медбикесі тез даярланатын тағамдардың кері әсері туралы лездеме өткізіп, оқушыларға тиімді тамақтанудың 12 қағидасын ұстану маңыздылығы туралы ақпараттар берді. Мектептегі тамақты ұйымдастыруға байланысты өткізілген ашық есік күнінің нәтижесінде үйлесімді және дұрыс тамақтану жөнінде ата-аналардың ақпараттық деңгейі артты.Тиімді тамақтану сапалық білім алудың негізі екендігі жөнінде кеңінен насихаттар жүргізілді.