«Ашық есік» күні
«Ашық есік» күні өткені туралы ақпарат
2022 жылдың 16 қарашасында М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде мектептің әлеуметтік педагогымен бірлесе отырып,мектеп асханасында аз қамтылған отбасының білім алушылардың ата-аналарымен «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.
Мақсаты:тамақтандыру жұмыстарын жетілдіру,тиімді тамақтануды насихаттау, бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған білім алушыларға беріліп отырған тамақ сапасын бағалау мақсатында өткізілді.Ата-аналар мектеп асханасындағы тамақ түрлерін, тазалығын көріп,өз пікірлерін білдірді. Мектеп медбикесі тез даярланатын тағамдардың кері әсері туралы лездеме өткізіп, оқушыларға тиімді тамақтанудың 12 қағидасын ұстану маңыздылығы туралы ақпараттар берді. Мектептегі тамақты ұйымдастыруға байланысты өткізілген ашық есік күнінің нәтижесінде үйлесімді және дұрыс тамақтану жөнінде ата-аналардың ақпараттық деңгейі артты.Тиімді тамақтану сапалық білім алудың негізі екендігі жөнінде кеңінен насихаттар жүргізілді.