"Ашық есік" күні
Оқушыларды тегін тамақпен қамту жұмысы барысында ата-аналармен мектеп асханасында «Ашық есік» күні өткені туралы анықтама
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша
2022-2023 оқу жылында мектеп асханасында білім алушыларды тегін ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында ата-аналармен мектеп асханасында
«Ашық есік күні» өткені туралы
Анықтама
2022 жылдың 15 қыркүйегінде мектеп әкімшілігі мектептің әлеуметтік педагогымен бірлесе отырып,мектеп асханасында аз қамтылған отбасының білім алушылардың ата-аналарымен «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: «Білім туралы»Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 21) тармақшасын,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін,көздерін,түрлерін және оны беру қағидаларын», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.01.2008 жылғы № 64 қаулысымен бекітілген санаттарға жататын бала санына сай тамақтандыру туралы «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес аз қамтылған отбасынан шыққан 35 білім алушы мектеп асханасында бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуы,дайындалған ыстық ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы,жалпы ұйымдастыру жұмыс барысымен ата-аналарды таныстыруға байланысты жүргізіліп отырған жұмыс жайын мәлімдеу.
Мектеп бойынша білім алушылардың бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту жұмысына жауапты маман директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Садбақасов: мектеп директорының 02.09.2022 жылғы № 154 бұйрығы негізінде құрылған тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия төрағасы-мектеп директоры Ж.Мажибаев, медицина қызметкері-Ф.Казимова,ата-аналар комитетінің төрайымы-Г.Айтбаева,әлеуметтік педагог- Н.Таутенова және бірнеше ата-аналармен асхана ішін аралап,онда жалпы асхана жұмысын,балалардың тамақтануы мен олардың санитарлық-гигиеналық ережені сақтауы,дайындалған ас мәзірінің сапасы,мөлшерінің нормаға сәйкестігімен таныстырды.
Аталған «Ашық есік» күні балаларға сол күнгі ас мәзіріне сәйкес тағамдар дайындалып берілді.
Өз кезегінде ата-аналар дайындалған тағамдардың сапасы,дәмі және түрімен танысып,асхана аспазшысы Ж.Мұхаеваға ризашылықтарын білдірді.