Асханадағы «Ашық есік» күні
Мектеп асханасынан бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған білім алушыларға беріліп отырған тамақ сапасын бағалау мақсатында 2022 жылдың 6 қазан «Ашық есік» күні болып белгіленген.Ата-аналар асханадан ас мәзірінің берілу ережесімен танысып,өз пікірлерін білдірді. Берілген ас мәзірінің дәмділігі мен татымдылығын көріп көз жеткізіп, арнайы кітапшаға пікірлерін жазды.
Ата-аналар асхана ішін аралап,онда жалпы асхана жұмысын,балалардың тамақтануы мен олардың санитарлық-гигиеналық ережені сақтауы,дайындалған ас мәзірінің сапасы,мөлшерінің нормаға сәйкестігімен танысты.
Аталған «Ашық есік» күні балаларға сол күнгі ас мәзіріне сәйкес тағамдар дайындалып берілді.
Өз кезегінде ата-аналар дайындалған тағамдардың сапасы,дәмі және түрімен танысып,асхана аспазшысы Ж.Мұхаеваға ризашылықтарын білдірді.