29
август
2023
Әдістеме бірлестігінің кезекті отырысы
М. Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде пән мұғалімдерінің тамыз айындағы әдістеме бірлестігінің кезекті отырысы өткізілді. Отырыс барысында "2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу- тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы" әдістемелік нұсқау хатпен және әдістемелік бірлестік жоспарларымен таныстырылып,талқыланды.
Жаңа оқу жылында негізгі ерекшеліктері:
Жаңа оқу жылында негізгі ерекшеліктері:
- оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 33 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды
- 1-2 сыныптарда «Еңбекке баулу» және «Бейнеле өнері» пәндері , 3-4 сыныптарда –«Көркем еңбек» кіріктірілген пәні оқытылады.
- қазақ тілінде оқытатын 1-сыныпта « Әліппе», «Ана тілі» пәндері оқытылады, 2 сыныпта «Орыс тілі» пәнін оқыту басталады
- Жоғары сыныптарда ағылшын тілінен оқу жүктемесі 1 сағатқа артады.
- Негізгі орта (5,5,6,7,8- сыныптар) , жалпы орта (10-11 сынып) білім беру деңгейлерінде академиялық жылды аяқтаған соң қазақ тілінен емтихан тапсыру енгізіледі.
- үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты күшейту туралы айтылды.
Ұстаздарға жаңа оқу жылына қойылған талап, мақсат- міндеттер бойынша жұмыс жасауға бағыт -бағдар берілді.