«Ата-ана мен бала арасындағы ықпалдастық» тақырыбында жүргізілген тренинг Анықтама » Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-46-39
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-46-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ата-ана мен бала арасындағы ықпалдастық» тақырыбында жүргізілген тренинг Анықтама
18
январь
2024

«Ата-ана мен бала арасындағы ықпалдастық» тақырыбында жүргізілген тренинг Анықтама

               «Ата-ана мен бала арасындағы ықпалдастық» тақырыбында   жүргізілген тренинг 

 Білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында  «Ата-ана мен бала арасындағы ықпалдастық » тақырыбында   6 – 11 сынып   білім алушылардың ата-аналарымен       17 қаңтар күні тренинг  ұйымдастырылып өткізілді.  

  Мақсаты:    Ата-аналардың өзара қарым-қатынасын жақсарту,  отбасындағы ата –ана мен баланың арасындағы қарым — қатынасты нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайрымдылық достық қарым –қатынасты  қалыптастыру, үлкенді сыйлауға сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

      Міндеттері:

-баланың үздіксіз дамуын қадағалау, 

-баланың қызығушылығын, бейімділігін шығармашылығын дамыту. 

- баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау

Тренинг барысы:

1. «Ата-ана – бала тәрбиесінің айнасы» тренинг 

2. «Иықтан жүк түсті» жаттығуы 

     3. «Бәріміз бірге» жаттығуы 

     4. «Өмір мәні» демонстрация 

      Құрметті ата-аналар,! Бүгінгі «Ата-ана мен бала арасындағы ықпалдастық» атты тренингке   хош келдіңіздер! Сіздермен бас қосудағы мақсатымыз балаларымызбен қарым-қатынастарды жақсартып, бала тәрбиесіне көңіл бөлу.
 Баланы жастан бақпасаң,
 Жамандықтан қақпасаң,
 Қадірден жұрдай қасқа боп,
 Кешкенің өмір босқа тек,- дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.
    Бала тәрбиесінде ата ананың алар орны ерекше. Өйткені «Құс ұясында не көрсе, соны алады». Яғни, отбасындағы тәлім-тәрбие, ата-ананың баламен қарым-қатынасы ұядан басталады. Тәрбиесі жақсы баланың өмірі де жақсы болатыны анық. Ендеше бала тәрбиесі ата-ананың міндеті, ал мектеп білім берумен шектеледі деу қате ұғым. Дана халқымызда «Ұстаз мейірі мен ана мейірі егіз» деген сөз бар. Бала мектеп табалдырығын аттап, білім ұясынан қанат қағып үлкен өмірге қадам басқанға дейін ұстаздың да тәрбиесін алады. Біз педагог ретінде барынша оқушылардың білім алуын, тәрбиесін қадағалаймыз. Теріс әрекеттерін байқасақ әрдайым оны түзетуге, ақылымызды айтуға тырысамыз. Ата анамен мектеп жалпы күш жігерді біріктіру арқылы ғана балаға адамдық бақыт бере аламыз.
 Бүгінгі таңда көпшілігімізге белгілі күнделікті тіршілік күйбеңімен бала тәрбиесіне көңіл бөлуге уақыт таппай қалатынымыз бәрімізге аян.Ал,балаңызбен сөйлесу, оның ойын ұғу,пікірін тыңдау, қажетті сұрағына жауап беру бүгінгі күнгі ең маңызды жұмысымыз екенін түсінеміз бе?
 Осы орайда «Ата –ана мен бала арасындағы ықпалдастық» тақырыбындағы тренингке назар аударыңыздар.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив