26
март
2026
2026 жылғы 26 наурыз күні мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдерінің бірлестік отырысы өткізілді.
2026 жылғы 26 наурыз күні мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдерінің бірлестік отырысы өткізілді.
Отырыс барысында 3-тоқсан бойы атқарылған жұмыстар сараланып, өткізілген іс-шаралардың нәтижесі талқыланды. Бірлестік мұғалімдері ашық сабақтар, сыныптан тыс тәрбиелік шаралар, пәндік апталықтар мен түрлі байқаулар арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізгені атап өтілді.
Сонымен қатар, білім сапасының көрсеткіштері талданып, өткен тоқсанмен салыстырғанда оң динамика байқалғаны айтылды. Оқушылардың оқу жетістіктерін арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану, саралап оқыту мен цифрлық ресурстарды пайдалану өз нәтижесін бергені көрсетілді.
Бірлестік жетекшісі тарапынан оқу-тәрбие процесіндегі жаңашыл бағыттар мен алдағы жоспарлар таныстырылды. Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді платформалар мен цифрлық ресурстарды сабақ барысында қолдану жолдарын көрсетті.
Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингі (ББЖМ) нәтижелері де қарастырылып, оқушылардың оқу сауаттылығы, математикалық және жаратылыстану бағыттары бойынша білім деңгейі сарапталды. Нәтижелер негізінде оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау, оларды жою мақсатында қосымша жұмыстар жүргізу қажеттілігі атап өтілді. Мұғалімдерге ББЖМ тапсырмаларына ұқсас жұмыстарды жүйелі түрде қолдану, талдау жүргізу және оқушыларды дайындаудың тиімді жолдарын қарастыру ұсынылды.
Әріптестер арасында кәсіби пікір алмасу жүргізіліп, өзара қолдау мен ынтымақтастықтың маңызы ерекше аталып өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша алдағы тоқсанда білім сапасын одан әрі арттыру мақсатында нақты міндеттер мен ұсыныстар қабылданды.


