26
март
2026
26 наурыз күні жаратылыстану-математика бірлестігінің кезекті әдістемелік отырысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды түрде өткізілді.
26 наурыз күні жаратылыстану-математика бірлестігінің кезекті әдістемелік отырысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды түрде өткізілді.
Отырыс барысында ІІІ тоқсан көлемінде атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасалып, білім сапасының көрсеткіштері мен оқушылардың оқу жетістіктері сараланды. Сонымен қатар, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер айлығының қорытындысы шығарылып, өткізілген іс-шаралардың тиімділігі мен нәтижелілігі атап өтілді.
Сондай-ақ, IV тоқсанға арналған жұмыс жоспарлары нақтыланып, алдағы кезеңнің негізгі бағыттары айқындалды. Білім сапасын арттыру мақсатында бірқатар маңызды міндеттер белгіленді. Атап айтқанда, 9 және 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға сапалы дайындау, оқу үдерісін жетілдіру және оқушылардың білім деңгейін арттыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі жүргізу мәселелері қарастырылды.


