«Жол ережесінің қауіпсіздігі» атты айлығының хабарламасы
2021 жылдың 9 қараша - 9 желтоқсан аралығында мектеп оқушылары арасында өткен «Жол ережесінің қауіпсіздігі» атты айлығының хабарламасы
2021-2022 оқу жылы
Мектепте 9 қараша күні 2021 жылдың 9 қараша - 9 желтоқсан аралығында мектеп оқушылары арасында өтетін «Жол ережесінің қауіпсіздігі» атты айлығының бұйрығы шығарылып, жоспар құрылып бекітілді. Жоспарға сәйкес іс-шаралар дер кезінде ұйымдастырылды.
Айлық барысында АӘжТД пәнінің мұғалімі С.Мамытов мектеп жанындағы жаяу жүргінші жолақтарына мектеп инспекторларымен бірге «Жас жол қозғалысы инспекторлары» жасақтары тарапынан жаттығулар мен кезекшіліктер ұйымдастырды. Сонымен қоса мектепте «мектепке барар қауіпсіз жол» тақырыбында сызба стендісін әзірлеп оны дәлізге ілінді.
11 қараша күні Мектеп инспекторы Р.Мырзабаев пен «Жол көлік оқиғасының жарақаттанудың алдын алу» «Жол жүру ережесін сақтайық!» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
15-17 қараша аралығында 5-8 сынып жетекшілері «Жас жолаушы және жол жүру ережесі» тақырыбында, 1-4 сынып жетекшілері «Жол ережесін сақтайық!» тақырыптарында сынып сағаттарын өтті.
23 қараша күні мектепте АӘжТД пәнінің мұғалімі С.Мамытов Жол көлік оқиғасын алдын алу және жол көлік оқиғасынан болатын жарақаттануды төмендету бағытында орта буын оқушылары арасында мектепішілік «Жас реттеуші» тақырыбында 8-9 сынып оқушылары арасында байқау ұйымдастырды. Байқауға 5 оқушы қатысып, үздіктері марапатталды.
25-27 қараша аралығында 1-4 сынып оқушылары арасында Көркем еңбек пәнінің мұғалімі «Жаяу жүруші- назар аудар» тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырды.
3-желтоқсан күні мектепішілік 5-8 сыныптар арасында «Балалар-назар аударыңдар!» атты спорттық жарыс өтілді. Ойын айналмалы түрде өтілді. Үш топқа бөлініп ойналды.Бірінші топ: 5а-5ә сынып. Екінші топ: 6а-6ә сынып. Үшінші топ 7а-7ә сынып Финалға 7а-7ә сыныптары шықты. Жарыс қорытындысы бойынша. 7а сынып бірінші орын. 5а - сынып екінші орын. 6а-сынып үшінші орынды иеленді. Жалпы ойынға 40 оқушы қатысты. Жеңімпаз сыныптарға мектеп атынан мақтау қағаздары берілді.
Мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министінің 2007 жылғы 24 тамыздағы №404 бұйрығымен бекітілген 1-8 сынып оқушыларына арналған «Жолда жүру ережесі» негіздері сабақтарын айына екі рет сынып сағаттары есебінен өткізілуде.