01
февраль
2022
«KAZAKHSTAN/KOSTOGAN UFC» атты спорттық жаттықтыру залы ашылды

Нұртастың халық игілігіне жасаған жұмысына еріксіз «Әп, бәрекелді!» дейсің. Нұртас Қостоған ауылының тумасы, М. Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінің 2010 жылғы түлегі.
Адам мақсатына өзін –өзі жетілдіру арқылы жетеді, мектеп жасынан бастап, қазақша күрес, қол күресі, кір тасын көтеру, ауыр атлетикаға қызығушылығы артып, жемісті мақсатына жол ашты.
Бүгінде Б.Сапарбаевтың бастамасымен облысымыздың барлық аймағында жүріп жатқан «Жомарт түлек» жобасымен астаса келген игі істің біріне өзі мұрындық болып, мектептің ескі, апаттық жағдайдағы қазандығы ғимаратын өз қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізіп, «KAZAKHSTAN/KOSTOGAN UFC» атты спорттық жаттықтыру залын аға-інілерінің болашағына, денсаулығынна алаңдап, уақытты тиімді пайдалануына септігін тигізу мақсатында ашты. Жаттықтыру залы соңғы спорттық құралдармен жабдықталған. Мұда келушілердің дені салауатты өмір салтын қолдайтын ауыл жастары мен спорт сүйер жасөспірімдер. «Әркім өз қолынан келгенінше жомарт»- демекші ел игілігіне, мақсат –мүддесіне үлес қосқан жомарт жанды түлектер саны ел аумағында көбейе берсін.

