«Қайырымдылық керуені» атты акциясы өткізілді » Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-46-39
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-46-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қайырымдылық керуені» атты акциясы өткізілді
08
февраль
2022

«Қайырымдылық керуені» атты акциясы өткізілді

Меркі ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылдың 8 ақпанында аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету мақсатында бірыңғай «Қайырымдылық керуені» атты акцияның өтілуі туралы

Анықтама

  М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде Меркі ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылдың  8 ақпанында аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету мақсатында бірыңғай «Қайырымдылық керуені» атты акциясы өткізілді. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы.

    Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.


   

«Қайырымдылық керуені» атты акциясына мектеп мұғалімдері де белсене ат салысты.Қайырымдылық іс шараға байланысты ЖШҚ басшылары мен кәсіпкерлер қол ұшын созды. Жүзіне мейірім шуағы ұялаған, кісілік келбетінде ізгілік қасиеттері бар азаматтарымыздың игі істеріне алғыс айта отырып, «Жүректен жүрекке» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылып мектебіміздің аз қамтамасыз етілген  оқушыларына   оқу құралдары табыс етілді. 


«Қайырымдылық керуені» атты акцияға атсалысқан мейірімді жандарға алғысымыз шексіз. Қайырымдылық жасау игі іс. Қамқорлық көрсету ол мәселелердің шешілуіне ғана септігін тигізбейді,қайырымдылық халықтарды біріктіреді,жастардың мейірімділігін оятады. Мұндай істе ұлтқа, дінге, жасқа ешқашан бөлінбейді және қайырымдылық тек қаржылай көмекпен шектелмейді. Бір адамға жылы сөз айтып, көңілін көтерсеңде, жақсы іске жатады. Біз бүгін өз өнерімізбен тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйладық деп ойлаймыз. Балаларға қамқорлығымызды аямай, оларды аялай білейік деген ниетпен келіп отырған қонақтар мен демеушілерімізге айтар ризашылығымыз шексіз.Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» - деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының   іс - тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив