«Мектепке жол» Республикалық акциясы
«Мектепке жол» Республикалық акциясы
Тамыздың бірінен басталған дәстүрлі республикалық "Мектепке жол" акциясы қыркүйектің 30-на дейін жалғасады.
Акцияның мақсаты - оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету. Қайырымдылық акциясы барысында мұқтаж балаларға қажет мектеп формасы, спорт киімдері мен мектепке қажеттi оқу құралдар табыс етіледі. «Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша барлық сұрақтарымен ата-аналар бала білім алатын мектепке жолығуға болады.
«Мектепке жол» акциясы аясында жүзеге асырылып отырған шара мақсаты – аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға мүмкіндігінше көмек көрсету.
Акция негізінде мектепішілік бұйрық шығарылып, аз қамтылған, көп балалы және жетім (немесе қамқоршысынан айырылған) балалар анықталды. Бұл балаларға жаппай оқу қорынан көмек көрсетіліп, арнайы санатқа жататын оқушылар үшін бір мезгіл ыстық тамақпен тамақтану қамтамасыз етілді.
Мектептің фойесінде Республикалық «Мектепке жол» акциясының басталғандығы жайында демеуші азаматтарға үндеу хаттары таратылды.
Осыған сәйкес, М.Жылысбаев атындағы №14 ЖОББ мектепте «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу туралы іс-шаралар жоспары жасалып, ақпараттық стенд безендірілді. Қазіргі уақытта №14 мектептің аз қамтылған отбасыларының 19 баласына қайырымдылық көмек көрсетілді.Мектептің әкімшілігі мен ұстаздары, ата-аналары барлық балаларға мектепке жол табуға көмектесуге өз жұмысын жалғастыруда.