«Баршаға бақыт тілейміз» тренинг
Оқушылардың мінез-құлық формаларына бейімділігін анықтау мақсатында оқушылардың көңіл- күйін көтеру,өмірге деген қөзқарасын қалыптастыру мақсатында жүргізілген «Өмір деген ғажап, өмір деген тамаша!» тақырыбында тренинг
Анықтамасы
Күні:22.04.2022ж
Қатысқандар:5-11 сынып оқушылары
Түрі: Тренинг
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу,сұақ-жауап,ойын,тренинг жаттығулар.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,А4 ақ қағаз,маркерлер,түрлі түсті қағаз, тренинг ережесі.
Тақырыбы: «Баршаға бақыт тілейміз» тренинг
Мақсаты:оқушыларға өзкөңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.
Жоспары:
1.Сәдемдесу «Аялы алақан»
2.«Өрмекші торы» жаттығуы
3.«Құстар үйі» жаттығуы
4.«Кім тапқыр» сұрақ жауап
5.«Ыстық орындық» ойыны
6. Қорытынды
Барысы:
1.Сәлемдесу.
«Бір күнгі таныстына қырық күнгі сәлем» дегендей, біз бүгін дәстүрден тыс амандасамыз. Бір бірімізге күлімсіреп қарап алақанымызға көршіміздің алақанын қойып амандасу.
Оң жақ иықпен,сол жақ иықты түйістіре отырып амандасамыз.
Оң аяқпен,сол аяғымызды тигізіп амандасу.
2.Өрмекші торы жаттығуы:
Психолог: қазір мынандай тапсырманы орындайсыздар. Мен сіздерге лентаның бір ұшын беріп өз есімімнің бас әріпін ала отырып бір жақсы қасиетімді айтамын,келесі оқушыда солай жасайды.Сыныптағы оқушылар сыныптастарының жақы қасиеттерін біліп жүреді.
3.«Құстар үйі» әр оқушы құстар образына енеді және құстар сияқты қанат қағып ұшады, құстар тәрізді дауыс шығарады,үйірлене ұшады,қосақтасып ұшады.
4. «Кім тапқыр» балаларға түрлі ситуациалық сұрақтар беріледі,сол сұрақтарға оқушылар ұжыммен бірлесе отырып жауап береді.
5. «Ыстық орындық»
Психолог оқушыларға өздерінің ұнататын пәндерін атайды, және ортаға 3 орындық береді сол орындықтарды оқушылар айлана отыра қазақ тілі, математика, орыс тілі дегенде оқушылар орындыққа отырып үлгеруі қажет,отырып үлгере алмаған оқушы ойыннан шығып қалады.