«Құқығым бар» тақырыбында өткізілгенн тренинг
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебі
9-11 сынып көшбасшыларымен өткізілген «Құқығым бар» тақырыбында өткізілгенн тренинг
Анықтамасы
Күні:10.11.2021ж
Қатысқандар: 9-11 сынып көшбасшылары
Түрі: Тренинг
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу,сұрақ-жауап,ойын,тренинг жаттығулар.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,А4 ақ қағаз,маркерлер,түрлі түсті қағаз, тренинг ережесі.
Тақырыбы: «Құқығым бар» тренинг
Мақсаты:
Баланың өзінің құқығы туралы түсінік беру, басқа адамдардың құқығымен байланысы және міндеттері; өз құқығын қорғау және басқа адамадардың құқығын сыйлау дағдыларын қалыптастыру
Жоспары:
1.Сәдемдесу «Ыстық алақан»
2.«Менің құқығым бар» сөйлемді аяқтау
3.«Кім тапқыр» сұрақ жауап
4.«Менің құқығым» постер қорғау
5. «Жүректен шыққан жылы сөз» ізгі тілек
6. Қорытынды
Барысы:
1.Сәлемдесу.
«Бір күнгі таныстына қырық күнгі сәлем» дегендей, біз бүгін дәстүрден тыс амандасамыз. Бір бірімізге күлімсіреп қарап алақанымызға көршіміздің алақаанын қойып амандасу.
- Оң жақ иықпен,сол жақ иықты түйістіре отырып амандасамыз.
- Оң аяқпен,сол аяғымызды тигізіп амандасу.
2. «Менің құқығым бар» сөлемді аяқтау.
Психолог: қазір мынандай тапсырманы орындайсыздар. Мен сіздерге сұрақ қоям сол сөйдмді толықтырып, өз ойларыңызды қосып аяқтайсыздар.
Мысалы: Мен оқушымын менің құқығым.......
3.« Кім тапқыр» балаларға түрлі ситуациалық сұрақтар беріледі,сол сұрақтарға оқушылар ұжыммен бірлесе отырып жауап береді.
4.«Менің құқығым» постер қорғау Оқушылар 2 топқа болінеді
1 топ «Менің құқығым»тақырыбында постер қорғайды
2 топ «Менің міндетім» тақырыбында постер қорғайды
5. «Жүректен шыққан жылы сөз» ізгі тілек
Әр оқушы алмасқан тәжірибелерін қорыта келе ,күлімсіреп қасындағы көршісіне жылы тілектерін айтады.
6. Қорытынды:
Оқушылар өз құқықтарының тізімін жазып ойларымен бөлісті .
Үй тапсырмасы: отбасымен бірге өз құқығын туралы пікір алмасу.