15
февраль
2023
"Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson Study-ді қолдану" тақырыбында коучинг.
"Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек" демекші, мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан тұлғаны жан-жақты дамыту үшін 2023 жылдың 15- ақпанында Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінің пән мұғалімдерімен "Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson Study-ді қолдану" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Г.А.Жамансариева коучинг өтті.
Коучинг мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру және оқушылардың назарын оқуға шоғырландыру арқылы оқытуды
дамытуға,жетілдіруге арналған құрал екенін ұғындыру.
Коучингте пән мұғалімдеріне ой қозғау үшін күнделікті сабақтарыңызда барлық оқушыны бақылай алуға мүмкіндігіңіз бар ма? Материалды барлық оқушы меңгеріп, бірдей дәрежеде игере алады деп ойлайсыз ба? Сабағыңызды жоспарлауда немесе сабақты өткізуде басқа әріптестеріңізбен бірлесіп жұмыс жасап жүрсіз бе? деген сұрақтар қойылып, жауап алынды. Постер қорғап,өз ойларын ортаға салып, оқу мен оқыту сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімді жақтарын айтып өтті. Слайд, презентациялар арқылы Lesson Study әдісін қолдану жолдары туралы мәліметтер берілді. Қорыта келе, коучингте Lesson Study әдісі туралы түсінік қалыптасты, тәжірибелеріне қолдануға бағыт-бағдар ала алды.