14
февраль
2022
«Сабақ үдерісіндегі кері байланыс және оның маңызы» тақырыбында коучинг өтті.
Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана.
Тәуелсіз елімізде жаңаша мазмұнда білім берудің басты мақсаты–жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, өмір сүруге бейім, терең ойы бар, адамгершілігі жоғары жеке тұлғаны тәрбиелеу. Осы орайда оқушыға білім мазмұнын терең игертудің тиімді жолдарын іздестіріп, шығармашылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған, білікті маман, шебер мұғалім дайындау қажет деген мақсатта М.Жылысбаев атындағы № 14 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Жамансариеваның ұйымдастыруымен «Сабақ үдерісіндегі кері байланыс және оның маңызы» тақырыбында коучинг өтті. Коучингте оқыту үрдісінде қолданылатын кері байланыстың түрлеріне тоқталып, оның оқу мен оқытудағы тиімді тұстарын атап көрсетті. Дұрыс жүргізілген кері байланыс арқылы оқушылардың өзіндік пікірін білуге болатынын және мұғалімнің кері байланыс жасай отырып, өз ісіне сыни көзбен қарайтыны туралы баяндалды.