2019 – 2020 оқу жылында «Робототехника» курсы ашылып, 160 оқушы қамтылды. » Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-46-39
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-46-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2019 – 2020 оқу жылында «Робототехника» курсы ашылып, 160 оқушы қамтылды.
23
октябрь
2019

2019 – 2020 оқу жылында «Робототехника» курсы ашылып, 160 оқушы қамтылды.

Робототехника – Қазақстанның білім беру мекемелерінде енгізіліп жатқан жаңа бағыттардың қатарында. Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен еліміздегі бірқатар білім беру мекемелері жаңа LEGO Education жиынтықтарымен жабдықталып, оның көмегімен ойға алған ең батыл жобаларды да жүзеге асыруға болады, атап айтқанда, көптеген мүмкіндігі бар және бірқатар қызметті атқаратын нағыз роботтардың үлгісін бағдарламасын жасауға болады. Бұл қызықты әрі болашағы зор бағытты дамыту бойынша алғашқы қадам ғана.
Робототехника (робот және техника; ағылш. robotics — роботика) – роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы.
Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді.
Мақсаты: Робототехника курсын үйрету қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, қарқынмен дамып келе жатқан қоғамда кәсіби маман болып қалыптасуына бағыт беру.
Міндеттері:
Бағдарламаны үйрету арқылы оқушылардың танымдық, біліктілік қабілетттерін дамыту;
Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс жасау барысында оларды кәсіби маман болуына ықпал жасау;
М. Жылысбаев атындағы № 14 жалпы білім беретін мектебінде 2019 – 2020 оқу жылында «Робототехника» курсы ашылып, 160 оқушы қамтылды. Оқушылардың қызығушылығы өте жоғары. Робототехника курсының мұғалімі жас маман Тоқтағұл Алтынай «Робототехника курсының енгізілуінің тиімділігі мен мүмкіншіліктері» атты таңыстырылым болып өтті. Таңыстырылымда жас маман А. Тоқтағұл робототехника курсының мақсаты мен міндеттерін таныстырды. Сонымен қоса робототехника курсының мүмкіншіліктерін атап өтіп, STEM – білім беру жүйесі туралы мәліметтер қосып айтты. Бұл жиынға мектеп директоры, директор орынбасарлары және 15 мұғалім қатысты.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив