Сыңғырла соңғы қоңырау
24 мамыр күні мектептің 1-8 және 10 сыныптары арасында сынып бөлмелерінде оқу жылының аяқталуына байланысты мерекелік сынып сағаттары өткізілді. 25 мамыр күнгі «Сыңғырла соңғы қоңырау» тақырыбындағы салтанатты жиынға 9 және 11 сыныптары қатыстырылды. Салтанатты жиын мектеп ауласында бетперде режимін сақтап 1,5 метрден кем емес арақашықтықты сақтай отырып өткізілді. Салтанатты жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Зетқұлов қатысты. Жиынды мектеп директоры Ж. Мажибаев ашып, 11 сынып бітіруші түлектерге сәт сапар тіледі. Мектеп бітіруші түлектер өздерінің құттықтауларын, арнауларын, шығармашылық өлеңдері мен билерін ортаға салды. Мектеп бітіруші түлектердің «Мектеп вальсі» биленді. Мектеп бітіруші түлектерден озат оқушылар «Болашаққа хат» жолдап, 9сынып оқушыларына «Аманат хатын» табыс етті. Мектеп бітіруші түлектер өз тілектерін айта отырып, тілек шарларын ұшырды.