Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу бойынша анықтама
М. Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі. Сәуір айында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу туралы анықтама
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу бойынша анықтама
Білім алушыларды жеңілдетілген ыстық тамақпен тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар негізінде «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында короновирустық инфекцияның алдын-алу жөніндегі санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қағидасына сай жүргізілуде.
Бракераж комиссия мүшелері азық-түліктердің сапасын тексеріп отырады.Сонымен бірге тамақтың сапасын қадағалайды.Асханадағы азық-түліктердің сақталу мерзімін растайтын сертификаттары бар.Жеткізілген азық-түлік тауарларының сапасы мен сақталу мерзімі мектептің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераж) комиссиясының құрамымен тексеріліп отырады,бұзылған азық-түлік тауары анықталған жоқ.
Асхананың,аспазшының тазалығы үздіксіз тексеріліп,ұсыныстар айтылып отырады. Комиссия мүшелері тарапынан мектепке жеткізілген тез бұзылатын азық-түлік тамақ өнімдерін мектеп асханасындағы сақтау температурасы төмен тоңазытқышта сақтайды. Тоңазытқышқа арнайы температураны бақылауға арналған термометр орнатылған.Көкөніс өнімдері асханадағы қойма бөлмесіндегі арнайы сөрелерде,бөлек қораптарда сақталады.