"Ас -адамның арқауы"
"Ас -адамның арқауы"
Балалар мен жасөспірімдерді дұрыс тамақтану олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады.
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде тегін ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесінің міндеттері төмендегідей:
- оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
- тағамның нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;
- оқушыларға салауатты өмір салты ұстанымдарын үйрету;
- жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру;
- тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Қазіргі таңда мектеп асханасында білім алушылардың бір мезгіл тегін ыстық тамақтануы барлық санитарлық талаптарына сай жұмыс жүргізілуде. Асханаға кіре берісте ортақ пайдаланылатын орындарда қолды сабынмен жууға арналған қолжуғыштар, қол кептіргенге қағаз сүлгілер қойылған. Отыратын орындар жеткілікті. Мектеп әкімшілігінен, ата-аналардан, "Қамқоршылық кеңес" ұйымы мүшелерінен құралған бракераждық комиссия күн сайын жеткізілген өнімдердің, шикі және дайын өнімдерді бақылау және оларды сақтау шарттары мен жарамдылық мерзіміне сәйкес пайдалануды журналға тіркеп, бақылауға алынған.