14
март
2024
Биыл Наурыз мерекесі жаңа форматта аталып өтті. ⠀
Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінде биыл Наурыз мерекесі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жаңа форматта аталып өтті. ⠀
⠀
✅Осыған орай, ауданда 10 күндік Наурызнама тұжырымдамасының аясында іс-шара жоспары бекітіліп, бүгіннен мерекелік шаралар басталып кетті. ⠀
⠀
☑ Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Даналық мектебі» клубының «Дархан» әжелер тобы бірлесуімен, ұмыт болған ұлттық дәстүрлерді қайта жаңғырту мақсатында, «Наурыз –жаңару мен жаңғырудың бастауы» атты іс-шара өтті. ⠀
⠀
Онда әжелер шартты түрде екі ауылға бөлініп, халқымыздағы ұмыт болған дәстүрлерді, сол дәстүрлерден туындаған әртүрлі ұлттық тағамдарды даярлау әдістері, сондай-ақ ұлттық қолөнер мен бұйымдарды дәріптеді. ⠀
⠀
❗»Майлыбай» ауылының әжелері құрақ құрау, жүн түту, шимен тоқыма тоқу қолөнерлерімен таныстырса, «Бидас» ауылының әжелері қол диірменмен ұн тарту, жеті нан пісіру, етті сүрлеу мен асу сынды ұлттық тағамдар әзірлеудің жолдарын көрсетсе, оқушылар «Наурызды қалай тойлады», «Ұзынсары», «Наурыз көже», «Жарамазан», «ҮТ», «Наурыз шешек», «Наурыз төл», «Наурыз мейрам» жалпы наурыз туралы түсінік берді.
⠀
⚡Осылардың ішінде ең қызықтысы ұмыт болып бара жатқан «Ұйқыашар» тағамының әзірленуі болды. Халқымызда той-мереке алдындағы кеште қыз-келіншектер жігіттер ұйықтап қалмасын деп ұйқыашар тағамын ұсынса, жігіттер қауымы қайтарымы ретінде қыздарға арнайы сыйлықтар берген. Бұл – қыз, жігіттердің бір-біріне деген сезімі мен махаббатын арттыра түсуіне себепші болған.⠀
⠀
📍Сондай-ақ халқымыздың Амал мерекелері Көрісу күні мен Отамалынан көріністер қойылды. Отамалы – наурызбен бірге туады. Көшпенділікпен күн кешкен халқымызда бұл амалдардың өзінің философиялық мәні бар. Көрісу күнінде қыс құрсауынан босанған ағайын құшақтасып табысса, отамалында төрт түлік мал төлдеп, ағайынның аузы аққа тиген. ⠀
⠀
🔷Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналаған наурыздық мерекеде бүлдіршіндер мен апалар ән салып, бата беріліп, жаңажылдық жақсы тілектер мен ізгі лебіздер айтылды.