20
март
2019
Наурыз мерекесі
20 наурыз күні мектептің 5-11 сынып оқушылары арасында «Ұлыс оң болсын...» тақырыбында наурыз мерекесі өткізілді. Мектепішілік іс-шараға Жаңатоған ауылдық округінің әкімі Б. Танекеев, Жамбыл облысының құрметті ардагері, Меркі ауданының құрметті азаматы Қ.Таттықұлова және ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты. Іс-шараға 265 оқушы қатысты. Әрбір сыныптар қазақ халқының сүйіншіден басталатын салт-дәстүрінен бастап, қыз ұзату, беташар дәстүрлерін мағынасын аша отырып, көрсете білді. Келген қонақтар оқушылар мен ата-аналарды «Жаңа жыл, жаңа күн» мейрамымен құттықтап, жаңа табыстар тіледі. Сонымен бірге, қазіргі таңда ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлер: «тышқаншық салу», «ашамайға мінгізу», «бел көтерер» дәстүрлері де оқушылардың сомдауы арқылы көрсетіле білді. Мерекелік ән, күй орындалып, оқушылар ұлттық нақышта топтық билерін көрсетті. Іс-шара соңынан спорттық ойындар: қабақ ұру, кір тасын көтеру және арқан тартыс ойындары өткізілді. Мерекелік іс-шарадан кейін оқушылар әрбір сынып бойынша ата-аналар комитетінің дайындаған наурыз көжелерінен дәм татты.