01
сентябрь
2022
1 қыркүйек - Білім күні
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 қыркүйек - Білім күніне орай «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиыны өткізілді. Жамбыл облысы Меркі Аудандық білім бөлімінің басшысы А.А.Алтынбаева,аудан әкімдігінен А.Ө.Шынарбек және Меркі ауданының құрметті азаматшасы,зейнеткер ұстаз Қ.О Таттықұлова мектеп ұжымын, ата-аналарды, 1 сынып бүлдіршіндерін құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Сонымен қатар 1 сынып оқушыларының әсем әуендер келген қонақтар, ұстаздар мен ата-аналардың көңілінен шығып,тамсандырды.
Сонымен қатар білім алушылардың бой патриотизм мен білім алуға ұмтылыс, еңбексүйгіштік қасиеттерді барынша сіңдіру мақсаттарында 1-11 сыныптар арасында «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сабақтарға мектеп әкімшілігі қатысып, бағалап шықты.