"Алғысым шексіз бәріне" атты сынып сағаты.
М. Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде 7 "Ә "сынып оқушыларымен 1 Наурыз Алғыс айту күніне орай "Алғысым шексіз бәріне" атты сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың ата-анаға, жанұяға сүйіспеншілігін, ризашылығы мен алғысын, сыпайы қарым-қатынасын дамыта отырып елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, бейбітшілікте, татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.