«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жалпы білім беру жүйесін дамыту саясатын жүзеге асыру әдістері
Қараша айында жоспарға сәйкес Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінде «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жалпы білім беру жүйесін дамыту саясатын жүзеге асыру әдістері» тақырыбында мұғалімдермен коучинг өткізілді. Коучингке 35 мұғалім қатысты. Коучингтің мақсаты: Сабақ үрдісіндегі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаңа әдіс- тәсілдердің оқытудағы маңызын ажырату.Оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау, белсенді оқыту стратегиялары бойынша тәжірибе алмасу.
Жаңашыл үрдіспен өткізілген коучинг барысында білім сапасын дамыту қөзделіп, оқудағы іс-әрекетті зерттеудің тиімді жолдары қарастырылды. Осылайша, біз мектепте өз шәкірттеріміздің бойында жоғарғы дәрежелі білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз етеміз. Оқушыларымыздың өмірлік жағдаяттарда өздерінің алған білім, біліктілік, дағдыларды дұрыс қолдана алуына жағдай жасау- біздің ұстаздық міндетіміз.
Әр мұғалім өз пәнін оқыту барысында өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, іскер азамат тәрбиелеп шығару ұстаздың міндеті. Рефлексия бөлімінде қатысушылар өз ойларын ортаға салды.