25
ноябрь
2020
"Жетістіктер баспалдағы"
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебі
Анықтама
2020 жылдың қараша айында «Жетістіктер баспалдағы» акциясы барысында тұрмысы қолайсыз отбасыларында тәрбиеленіп жатқан балалардың үй-тұрмыстық жағдайларын зерделеу мақсатында рейд жүргізілді. Мектепішілік есепте тұрған 3 қолайсыз отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын анықтауға мектеп ДТЖО:Садбакосов М. мектеп ДҚТЖО: Тленчиева Ж., әлеуметтік педагог: Таутенова Н., мектеп психологы: Дүйсембаева А., мектеп инспекторы Зиятбек Ә. барып қайтты. Рейд барысында анықталған жайттар: үйдің тазалығы санитарлық талапқа сай, балаларға жағдай жасалған, ата-анасымен қарым-қатынасы жақсы, денсаулықтарына кері әсерін тигізетін заттарға әуестіктері жоқ. Қашықтықтан оқуға байланысты балалардың барлығы сабаққа қатысып отырғаны анықталды.