"Қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінде 9-20 қараша аралығында «Қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша
Мектебімізде 17 қараша күні ZOOM платформасы арқылы мектеп психологы, әлеуметтік педагог және жеткіншек оқушылардың қатысуымен «Зорлық-зомбылықты алдын-алу» тақырыбында онлайн – талқылау ұйымдастырылды. Талқылауда мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық және физикалық зорлық-зомбылықпен күресу жайында әңгіме қозғалды. Оқушылар өз ойларын ашық айтып, өздерінің буллинг жайында пікірлерін айтты. Мектептің әлеуметтік педагогы Таутенова Н. Балаларды булингке қарсы болуға шақырды. Оқушылар тарапынан психологиялық зорлық-зомбылық түрлері жайында сұралды. Қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Әлеуметтік педагог: Таутенова Н.
Мектеп психологы: Дүйсембаева А.