«Бала құқығы - адам құқығы» тақырыбында 10-20 қараша аралығындағы өткен он күндік » Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-46-39
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-46-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бала құқығы - адам құқығы» тақырыбында 10-20 қараша аралығындағы өткен он күндік
22
ноябрь
2018

«Бала құқығы - адам құқығы» тақырыбында 10-20 қараша аралығындағы өткен он күндік

«Бала құқығы - адам құқығы» тақырыбында 10-20 қараша аралығындағы өткен он күндік барысында Бақытты балалық шақ және отбасылық құндылықтарды насихаттайтын жағымды бейнероликтің оқушыларға көрсетілгені туралы анықтама

Мақсаты: Балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру;құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру; ой-өрісін дамыту, адам құқығы туралы Конвенция шарттарын меңгерту; белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту; балалардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.

 Міндеті:Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті:мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмететуің үшін жасалған.                               

Ата-аналарды балалардың құқықтарымен таныстыру және бала алдындағы міндеттерін айтып кету бала мен ата-ана арасындағы түсініспеушілікті нығайтады.

      Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де  туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар.

   Баланың өз ата-анасының тәрбиесінде болуға, мүдделері мен жан-жақты дамуының қамтамасыз етілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне қақысы бар. Бала өз мүддесіне қатысты кез келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірін еркін білдіруге құқылы.

    Баланың құқықтары жөніндегі Конвенцияға сәйкес әрбір баланың өзінің даралығын сақтауға қақысы бар. Оны даралайтын белгілер аты, тегі, әкесінің аты.

    Ата-ана өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті, тәрбиелеуге құқылы және өсіп-жетілуіне жауапты.

    Ата-аналар балаларының орта білім алуын қамтамасыз етуге мәндетті. Ата-аналар, әдетте, баласы оқитын мекемені баласымен келісе отырып таңдайды. Ата-аналар баласының сабақтан қалуын, мектепте нашар қылық көрсетуін қолпаштамауға тиіс.

     Ата-аналар әртүрлі теріс қылықтаардың алдын алу үшін (төбелес,мектепте тәртіп бұзу т.б) балаларын қадағалап отыруға міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив