«Қайырымдылық керуені» атты акцияның өтілуі туралы
Меркі ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылдың 8 ақпанында аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету мақсатында бірыңғай «Қайырымдылық керуені» атты акцияның өтілуі туралы
Анықтама
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде Меркі ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылдың 8 ақпанында аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету мақсатында бірыңғай «Қайырымдылық керуені» атты акциясы өткізілді. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
«Қайырымдылық керуені» атты акцияға атсалысқан мейірімді жандарға алғысымыз шексіз. Қайырымдылық жасау игі іс. Қамқорлық көрсету ол мәселелердің шешілуіне ғана септігін тигізбейді,қайырымдылық халықтарды біріктіреді,жастардың мейірімділігін оятады. Мұндай істе ұлтқа, дінге, жасқа ешқашан бөлінбейді және қайырымдылық тек қаржылай көмекпен шектелмейді. Бір адамға жылы сөз айтып, көңілін көтерсеңде, жақсы іске жатады. Біз бүгін өз өнерімізбен тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйладық деп ойлаймыз. Балаларға қамқорлығымызды аямай, оларды аялай білейік деген ниетпен келіп отырған қонақтар мен демеушілерімізге айтар ризашылығымыз шексіз.Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» - деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс - тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.