Тамақтандыру сапасына ақпарат
Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының асхананы санитарлық-гигиеналық тазалығын тексеру
Ақпарат
Мақсаты: Асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуы,асханадағы санитарлық-гигиеналық жағдай мен тамақ дайындау сапасын тексеру,
2024 жылдың сәуір айының 5 күні мектепішілік мониторинг жүргізу (бракераж) комиссиясы мектеп асханасының жұмысын және санитарлық талаптардың орындалуын бақылады.
Тексеру кезінде төмендегі жұмыстар бақыланды:
1.Ыдыс-аяқтардың сапасы;
2.Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы
3.Күнделікті астың ас мәзіріне сай дайындалуы,тамақтың сапасы,нормаға сәйкестігі;
4.Азық-түліктердің талапқа сай сақталу жайы.
Бақылау кезінде анықталды:
Мектеп асханасының тазалығы қалыпты жағдайда. Күнделікті ас мәзірі бекітіліп ілінген.Тамақ ас мәзірі бойынша дайындалған,нормаға сәйкес.Тәуліктік ас сынамалары бар,тоңазытқышқа тауарлар көршілестігі дұрыс қойылған.Ыдыс-аяқтары жеткілікті,сапасы жақсы сынық ыдыстар жоқ.Аспазшылардың сырт келбетіне ескертулер айтылды.Таңбаланған мүккәмәларды жаңарту ескертілді.
Қорытынды:
1.Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы талапқа сай
2.Ас мәзірі талабы сақталған,өлшем нормалары тура.
3. Тамақ өнімдерінің сапасын, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттары бар.
Ұсыныс:
1.Асхананың құрал-жабдықтарының жағдайы қанағаттанарлық.
2.Тамақ өнімдерінің сапасы,сақтау шарттары қадағалансын.
3.Ыдыстарды кептіретін сөрелері жаңалансын