Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығын тексеру
Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығын тексеру
Мақсаты: Асханадағы санитарлық-гигиеналық жағдайды тексеру.
2023 жылдың қазан айының 9 күні мектепішілік мониторинг жүргізу (бракераж) комиссиясы құрылып, мектеп асханасының жұмысын және санитарлық талаптардың орындалуы бақыланды.
Тексеру кезінде төмендегі жұмыстар бақыланды:
1.Ыдыс-аяқтардың сапасы;
2.Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы
3.Күнделікті астың ас мәзіріне сай дайындалуы,тамақтың сапасы,нормаға сәйкестігі;
4.Азық-түліктердің талапқа сай сақталу жайы.
Бақылау кезінде анықталды:
Мектеп асханасының тазалығы қалыпты жағдайда. Күнделікті ас мәзірі бекітіліп ілінген.Тамақ ас мәзірі бойынша дайындалған,нормаға сәйкес.Тәуліктік ас сынамалары бар,тоңазытқышқа қойылған. Ыдыс-аяқтары жеткілікті,сапасы жақсы сынық ыдыстар жоқ.
Қорытынды:
1.Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы талапқа сай
2.Ас мәзірі талабы сақталған
3.Асхана қызметкері медициналық тексеруден өткен,санитарлық кітапша құжаттары бар.
Ұсыныс:
1.Ас мәзірінің құрылуы мен нормаға сәйкестігі,дайын тағамның каллориясы күнделікті қадағалансын.
2.Тексеру барысында ешқандай кемшіліктер болмады.