Мектептің ыстық тамаққа дайындығы
Мектептің ыстық тамаққа дайындығы
2022-2023 оқу жылында мектепте аз қамтылған ,көп балалы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балалары тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Мектептегі ыстық тамақпен қамтылған аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларының тамақтануын, асхананың санитарлық талапқа сай жұмыс жасауын және балаларға берілетін тамақтың сапасын тексеру,комиссия мүшелерінің қадағалауымен «Дайын тамақтың сапасына бақылау» (бракераж) журналының толтырылуы жүргізілді. Мектеп асханасы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып,асхана жұмыскерлері және буфетке келушілер қатаң санитарлық талаптарды сақтауда.Мектеп асханасының жұмыс режимі мектеп әкімшілігінің келісімі бойынша асхана сыйымдылығының 30% қамтамасыз етеді.Тамақтану аяқталғаннан кейін (ағымдар арасында) асхана залын жинау және дезинфекциялау үшін 40 минуттық үзіліспен белгіленді.Барлық санитарлық талаптардың сақталуына мектеп әкімшілігі, мектеп медбикесі,асхана қызметкері және кезекші мұғалімдер қызмет жасап қадағалауда.
Мектеп асханасы 5 күндік жұмыс кестесімен жұмыс жасайды. Бір күнде І ауысымда 19 оқушы, ІІ ауысымда 16 оқушы тегін ыстық тамақ ішеді, 430- ға жуық оқушы буфеттік тамақпен қамтылып отыр. Тамақ беру барысында сынып жетекшілері оқушыларды кесте бойынша тамақтануға алып келіп, тамақтарын тауысып жеуін қадағалап жүреді.Тамақ талапқа сай, ас мәзірі негізінде беріледі.Ыстық тамақтың сапасы мен ұйымдастырылуына бақылауды әкімшілік тарапынан құрылған комиссия құрамымен жүзеге асырылады және акт толтырылады. Ескертулер асхана қызметкеріне айтылып отырады, тамақтану мен тамақ пісіру орнына жаппай тазалық жасалынып, дезинфекцияланады. Оқушыларға берілетін тағамдар сапасы мөлшерге сай ас мәзірі бойынша үнемі өзгеріп отырады. Буфетте тағамдар түрі жиі толықтырылып тұрады.