17
октябрь
2022
Тамақтану сапасын бақылау
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінің асханасында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының балалары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Асханада барлық санитарлық-гигиеналық талаптар қатаң сақталуда. Асханаға жеткізілген өнімдердің сапасы,оларды тасымалдау,жеткізу,сақтау шарттары қадағаланып отыр.Асхана қызметкерінің тамақты сапалы дайындауын,жеке гигиеналық санитарлық ережелерін сақтауын тамақтанудың сапасын бақылау комиссия мүшелері тексеріп отырады.Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері үнемі бақылап отырады..Асханада ішкі және сыртқы кезекшілік кестесі жасалған.Кезекшілер жауапкершілікпен өз міндеттерін атқарып отырады.