31
май
2021
«31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні»
31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай мектеп алаңында Жаңатоған ауылдық округінің бас маманы Н.Мамытов және «Берекелі шаңырақ» атааналар қоғамдық кеңесінің мүшесі Т.Алжанбаевтың қатысуымен жиын өткізілді. Жиында мектеп директоры Ж.Мажибаев ашып,бүгінгі күннің ерекшелігі туралы оқушыларға мәлімет беріп өтті. Сонымен бірге келген қонақтар мен мектеп оқушылары мектеп алдындағы М.Жылысбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Оқушылар өздерінің өлең шумақтарын тарту етті.