Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың(бракераждық) асхана жағдайын тексеруі
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізужөніндегі комиссиялардың(бракераждық) асхана жағдайын тексеруі
2024 жылдың 10 қаңтар күні М.Жылысбаев атындағы №14ЖОББМ мектеп асханасында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу (бракераж) комиссиясы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптардың орындалуы тексерілді. Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, ыдыс-аяқтардың тазалығы, балалардың тамақтануының дұрыс ұйымдастырылуы үнемі бақыланып отырады. Азық-түлік сақтайтын қоймалар, жеміс-көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, пісіру цехтары, тәуліктік сынама алу мен сақталуы, мектеп асханасында азық-түліктерді уақытылы пайдалану , олардың сақталу мерзімі, балалардың қол жуатын орындары, астарды тоңазытқыштарда, қоймаларда, сақтау, ас әзірлейтін блоктың санитарлық жай-күйі , келіп түскен тамақ өнімдерінің , дайын тағамның сапасын бақыланып, акт толтырылды.Тексеру қорытындысы қанағаттанарлық.