Тамақтану сапасына бақылау комиссиясының мониторинг жүргізу актісіне анықтама
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Тамақтану сапасына бақылау комиссиясының мониторинг жүргізу актісіне
Ақпарат
2022 жылдың 26 қазан күні тамақтану сапасына бақылау комиссиясының мониторинг жүргізу актісі жасалды.
Тексеру нәтижесінде мыналар белгіленді:
Асханаға әкелетін азық-түліктің мерзімін және дайын тағамдардың сапасын, сатуға тыйым салынған өнімдердің болмауы, ас блогының санитарлық талаптарға сай, таза болуы қадағаланды.
Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық.Асхана тазалығы мектептің медбикесінің бақылауымен күнделікті тексеріліп отырады. Балалардың тағам және сусын ішетін ыдыс пен қасық аптасына бір рет дихлорланады. Оқушылардың ішетін ауыз суы толтырылып,бір реттік қолданылатын стакан қойылған. Тағам ас мәзіріне сәйкес,әрі нормаға сай беріледі. Келген азық-түлік сапасы жақсы,жарамдылық мерзімі жарамды екендігіне көз жеткізе отырып қабылданады. Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тамақтануы қанағаттанарлық деңгейде.Медбикенің қадағалуымен күнделікті ас мәзірі бекітіліп,ілінеді. Азық-түлік сақтау үй-жайының терезесіне москитті тор ілінбегені,тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыстың болмауы анықталды.
Ұсыныс:
1.Асханада жабдықтар мен мүкәммалардың таңбалары жаңартылсын.
2.Тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыс ауыстырылсын
3.Азық-түлік сақтау үй-жайының терезесіне москитті торын ілу ДШЖО Н.Садыхановқа жүктелсін.