Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы №2
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №14 жалпы білім беретін мектебі.
Қамқоршылық кеңесі отырысының
хаттамасы № 2
8.10.2021ж Қостоған ауылы
Қатысқандар: 15
Қамқоршылық кеңес мүшелері, мектеп директоры, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, психологтар, әлеуметтік педагогтар және ата-аналар.
Күн тәртібінде:
- М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінің директоры Ж.Ж.Мажибаевтың есебі
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қашықтықтан оқуға байланысты өзгерістері мен талаптары туралы:
- Білім алушылардың қызығушылығына қарай жүргізілетін спорттық және көркем шығармашылық үйірмелер туралы,демеушілер тарпынан берілген көмектер және мұқтаж жандар арасында болу туралы
Тыңдалды:
1. Мақсұт Жылысбаев атындағы № 14 жалпы білім беретін мектебінің 2021-2022 жаңа оқу жылында дәстүрлі оқуға байланысты атқарылған жұмыстарының қорытындысы.
Алғашқы сөзді мектеп директоры Ж. Ж. Мажибаев бастады.
Мақсаты: Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын оңтайлы жүргізу мақсатында ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату және жаңа оқу жылында дәстүрлі оқуға байланысты атқарылған іс-шаралар туралы.
Кіріспе сөз: Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел, талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
2021-2022 оқу жылында Мақсұт Жылысбаев атындағы № 14 жалпы білім беретін мектебінде 486 оқушы білім алуда. Жалпы мектеп бойынша 30сынып комплектісі бар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде білім алушылар мен педагогтардың, кіші қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында СОҮІД-19 короновирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында санитарлық талаптардың барлығы орындалып оқытылуда. Індеттен сақтанудың оқшауланудан өзге жолы болмағандықтан, ұстаздар да, оқушылар да санитарлық талаптарды қатаң сақтауда оқу жүйесіне бейімделуде. 1 қыркүйекте оқу жылы 1-11 сыныптар үшін дәстүрлі оқыту форматында басталды.Бастауыш сынып оқушыларының ата-анасының өтініші бойынша тиісті мүмкіндіктерге қарай отырып, қатаң санитарлық шараларды сақтаумен сыныптардың жұмыс істеуіне мүмкіндік берілді. Мектепте 1-11сыныптардың оқушыларының жас ерекшеліктеріне, өз бетінше білім алу және өзін- өзі тәртіпке салу дағдыларының қалыптаса бастауына байланысты жасалды. Мектепте санитарлық қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілді. Балалар тек бір кабинетте оқиды, кіре берісте дене қызуын өлшеуді, ауаны тазарту, кварцтау және ылғалды тазалау режимі күшейтілді. Әлеуметтік ара қашықтықты сақтау үшін оқытуды ауысымдарға және бала саны 15-20 баладан аспайтын шағын топтарға бөлінді, мектепте оқыту күндерінің кезегі жасалды. Ата-аналардың жазбаша өтініші бойынша мектепке келіп оқитын оқушылар үшін қойылатын басты талап – санитарлық-эпидемиологиялық шарттардың қатаң сақталуы. Бұл жолы әр сыныптың өзі топтарға бөлініп, бір сыныпта 15-20 баладан артық отырмауы қадағаланды. Екіншіден, осы сыныптарға қоңыраулар әртүрлі уақытта соғылады. Өйткені оқушылар дәлізде топталып жиналмауы қажет. Үшіншіден, дене қызуы тұрақты түрде өлшеніп, балалардың денсаулығы қатаң бақылауға алынды. Ата-аналарға мектеп аумағына кіруге тыйым салынды. «Бір мұғалім – бір сынып» қағидаты енгізілді. Оқушылар сынып жетекшісі сабақ беретін негізгі пәндерді ғана мектепте оқиды. Сондықтан жыл ортасында ата-аналар сабылып киім іздемеу үшін алдағы оқу жылында бірыңғай мектеп формасын кию уақытша міндеттелмейтін болды. «Мектеп формасы» ұғымы мен оның қағидаты және оған қойылатын талаптар мүлдем жойылмайтыны туралы ата-аналары түсінік жұмыстары жүргізілді. Дәстүрлі оқуға байланысты жаңа бұйрыққа төтенше жағдай мен шектеу шараларына қатысты арнайы ескертулерді толық орындау мақсатында мектептің алдыңғы есігіне залалсыздандыру қақпасы орнатылды және дәліздерге антисептик сұйықтықтары қойылды.. Сонымен бірге оқушыларға,мұғалімдерге бетперделер таратылып берілді. Әрбір сынып бөлмелеріне бактерияға қарсы кілемшелер мен залалсыздандыру кварцтары орнатылды. Денсаулықты сақтаудың алдыңғы шарты бойынша мектепке аудандық білім бөлімі тарапынан тепловизор берілген. Мектепте қызмет жасайтын барлық мұғалімдердің, кіші қызметкерлердің, әкімшілік қызметкерлерінің күнде ертеңгі уақытта дене қызуын өлшеп тұратын тепловизормен мектептің медбикесі уақытылы жұмыс жасайды. 2020-2021 оқу жылында сәуір айынан бастап көп балалы және азқамтылған отбасының атаулы әлеуметтік көмек алатын 1-11 сынып оқушылары бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылды. Жылдағы дәстүрлі «Мектепке жол» акциясыда оқу жылының басталуына байланысты өз дәрежесінде жүргізілді.Қайырымды жандардың көмегімен көп балалы,азқамтылған отбасының балаларына оқу құралдары мен киім-кешектер берілді.Қазіргі таңда мектепте барлық білім алушылар мен тәрбиеленушілер өз деңгейінде білім алуда.2021-2022 оқу жылында көп балалы және азқамтылған 14 отбасынан 35 бала мектеп асханасынан бір мезгіл ыстық тамақ ішеді.Асхананың құрал жабдықтар мен санитарлық –гигиеналық талаптары өз деңгейінде.Асхана қызметкері барлық санитарлық талаптарды толық орындап отыр.Бір мезгіл ыстық тамақ ішетін білім алушылар асханада екі ауысымда ішеді,асхананың 30 % сыиымдылығын құрайды.Оқушылардың тамақтану кестесі,кезекшілік кестесі жасалып санитарлық талаптар толық орындалды. 2021 -2022 оқу жылының ҰБДҚ(НОБД) мәліметтері толық нақтыланды.Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыруға онлайн режимде «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтіп сертификаттарын алды.Сонымен бірге 2021-2022 жаңа оқу жылына дайындық есебінде осы атаулы әлеуметтік көмек алатын 23отбасынан 56 балаға мемлекеттің бюджет